Mihrab.kz YouTube арнасындағы “шәй үстіндегі әңгіме” подкастында ҚМДБ “Халал даму” орталығы директоры Айбек Асқарбекұлы тауықтың жұмыртқасы мен еті қандай жағдайда “адал” болатынын айтып берді.
“Жұмыртқаның да “халал” немесе “халал” емес екені негізі маңызды нәрсе. Тауықты бағу өте машақаты көп дүние екен. Біз тек ауылда жайылып жүретін тауықты көріп өскенбіз. Оның жұмыртқасы халал. Бірақ инкубатордан шыққан жұмыртқа көп қадағалауды қажет етеді. Неге десеңіз, тауықтың жеген жемі маңызды. Жемінің құрамында “ет-сүйекті жем” болады”, – дейді Айбек Асқарбекұлы
Ет-сүйекті жем – мал, құс шаруашылығында кеңінен қолданылатын, жануарлар мен құстардың өлекселерінен, жеуге жарамсыз тағамдардан, ет қалдықтарынан жасалатын ақуызды минералды жем.
“Бұны тауықтың жеміне қосып жіберетін болса, бұл “каннибализмды” оятады. Ол адамның денсаулығына зиян алып келеді. Мына еуропалық адамдардың көбісі сандары үлкейіп, бөкселері үлкейіп кеткен. Бұл жаңағы тауықтың жұмыртқасын жеген, етін жей бергеннен. Тауықтың етінің, жұмыртқасының халалдығы оның жеген асына байланысты”, – деп түсіндірді ҚМДБ “Халал даму” орталығы директоры Айбек Асқарбекұлы.