Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды kazaknews.kz
Жаңа заң электрлі самокаттардың қозғалысына бірқатар шектеулер енгізілді:
– Электрлі самокаттар көлік құралы деп танылды;
– Олардың қозғалыс жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан аспауы керек (қалғандары мопедтерге тең)
– Электрлі самокаттар велосипед жолдары мен жол жиектерінде шектеусіз қозғала алады. Тротуарлар бойынша қозғалысқа сағатына 6 шақырымнан аспайтын жылдамдықпен ғана рұқсат етіледі.
– Автобус жолағын қоса алғанда, автокөлік жолының жүріс бөлігінің оң жақ шеткі жолағымен жүруге жол беріледі. Бірақ бұл үшін жүргізуші 18 жастан асқан, түймелі дулыға мен шағылыстыратын киімде (тәуліктің қараңғы уақытында) болуы керек және кез-келген санаттағы жүргізуші куәлігіне ие болуы керек.
– Электрлі самокаттармен жүктер және жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады.