20 ақпан күні Астана әкімі Бақыт Сұлтанов халық алдында есеп береді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Елорда тұрғындары қала тіршілігіне қатысты өз сауалдарын “Астана ақшамы” мен “Вечерняя Астана” газеттерінің редакцияларына хабарласып немесе әлеуметтік желілердегі жарияланымдарын #Астанаәкімінесұрақ немесе #вопросакимуАстаны хештегімен белгілеп қоя алады. Бұдан бөлек, тұрғындар өз сұрақтарын қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының 109 нөміріне хабарласу арқылы да жолдай алады. Кездесу онлайн режимінде Астана әкімдігінің ресми сайтында көрсетілетін болады.
Есептік кездесу сағат 10:00-де “Астана” концерт залында, “Көрме” орталығында және Л. Гумилев атындағы ЕҰУ бас корпусында өтетін болады.