«Жолаушылар тасымалы» АҚ филиалының басшысы ұсталды – Антикор

0
178

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Жолаушылар тасымалы» АҚ филиалы – «Қала маңы тасымалы» басшыларының біріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Акционерлік қоғамы филиалының директоры 2020 жылдың қыркүйегі мен ағымдағы жылдың желтоқсаны аралығында жолаушылар вагондарын жөндеу бойынша қызмет көрсетушінің пайдасына жасаған әрекеттері мен жалпы қамқорлығы үшін жүйелі негізде ақшалай қаражат алды деп күдіктелуде. Алынған пара сомасы 11 миллион теңгеден асады.

Биылғы жылдың 20 желтоқсанында күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынған.

Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етілмеген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз