Жыл басынан бері 327 мың адам тұрақты жұмысқа орналасты

0
99

Жылдың басынан бері республикада 327 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен кезекті отырыста Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді.

Сондай-ақ, министрдің айтуынша жыл соңына дейін 571 мың азаматты жұмыспен қамтамасыздандыру шаралары жоспарлануда.

«Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 82,5 млрд теңге (73 пайызы) игерілді. Қазандағы жағдай бойынша қолданыстағы бағдарламаны іске асырудың арқасында 563 мың адамды жұмыспен қамту шараларына тартуға жол ашылған. Нақтырақ айтқанда, 458 мың адам жұмысқа, оның ішінде 327 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылған»

Сонымен қоса, министі «Еңбек» бағдарламасы мемлекеттік бағдарлама ретінде қайта бекітілгенін атап өтіп, бағдарламаның мақсаты еңбек ресурстарының білімін арттыру, жаппай кәсіпкерлікті дамыту және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды нәтижелі жұмысқа орналастыру екенін нақтылады. Бағдарламаның бірінші бағыты еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен дағдылар бойынша жаппай оқытуды көздейді. Тегін техникалық және кәсіптік оқыту шеңберінде осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 20 мың адам оқуға кіріскен. Қазандағы жағдай бойынша 40 мыңға жуық бағдарламаға қатысушы қысқа мерзімді оқытуға жіберілген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз