«Ұзын мұртты, менің сенімді досым»

0
442
Red and grey cats sitting on the window sill
8 тамыз – Дүниежүзілік мысықтар күні. Бұл күні иелері ұзын мұртты жануарды еркелетіп, тәтті-дәмдіні ауызына тосып, сыйлықтар алып береді. Сонымен қоса бұл мерекені атап өтудегі тағы бір мақсат – үйсіз, қорғансыз қалған мысықтарға көңіл бөлу.
Осыған орай kazaknews.kz сүйкімді үй жануарлары туралы бірқатар қызықты деректерді ұсынады.

  • Ұзын мұртты сүйкімді үй жануарлары ежелгі орыс елдерінде алғаш рет еңбекқорлығының арқасында “киелі еңбекқорлар” мәртебесін алған. Сол себептен олар церковтің заңды тұлғалары ретінде қорғалған. 
  • Өмірінің 70 пайызын ұйқымен өткізетін олар өз иесінде инсульт, инфаркт ауруларының болу мүмкіндігін үштен бір деңгейде төмендетеді.
  • Әрбір мысықтың мұрнының асты әр түрлі. Яғни адамдардың саусақ ізінің бір-біріне ұқсамайтыны секілді ешбір мысықтардың мұрын асты ұқсас келмейді.
  • Мысықтардың еркегі солақай, ұрғашысы оңақай болады.
  • 100-ден астам дауыс шығару қабілеті бар бұл үй жануарлары тамақ жегісі келген уақытта мяулағанын нәрестенің дауысына ұқсатып шығарады.
  • Мысықтар қараңғыда жақсы көреді, дегенмен түстерді ажырата алмайды және мысықтар тәтті дәмді сезбейді екен.
Көптеген елдерде ұзын мұртты үлпілдек үй жануарының мерекесіне арналған арнайы күндер белгіленген. Мәселен, Ресейде 1 наурыз – мысықтарды қорғау күні. Бұл мереке Мәскеудегі мысықтар мұражайына, яғни 1993 жылы наурызда құрылған «ИНТЕР» заманауи өнер галереясына байланысты пайда болған. Аталмыш мұражайды құру Екатерине Ефимова мен Андрей Абрамов атты суретшілердің бастауы болатын. Польшада – 17 ақпанда, Жапонияда – 22 ақпанда, Америка Құрама Штаттарында – 29 қазандаатап өтіледі.
 2002 жылы 8 тамыз Халықаралық деңгейде Дүниежүзілік мысықтар күні деп белгіленді. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз