Қазақстанда өткен тәулікте 813 адамнан коронавирус, 161 адамнан пневмония табылды. Елде жалпы 129 213 адам коронавирус, 41756 адам пневмония жұқтырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
27 қараша таңертеңгі ақпаратта 813 адам вирус жұқтырып, оның ішінде ең көп 170 адам Шығыс Қазақстан облысынан және 117 адам Солтүстік Қазақстан облысынан табылды. Бұдан бөлек 563 адам індеттен жазылып, барлығы 115 384 адамға жетті. Ал, 5 адам ауру салдарынан қайтыс болып, жалпы 2013 адам өлді.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 816 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 781 бала бар.
Жұқтырғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 71
Алматы қаласы – 74
Шымкент қаласы – 4
Ақмола облысы – 76
Ақтөбе облысы – 5
Алматы облысы – 21
Атырау облысы – 12
Шығыс Қазақстан облысы – 170
Жамбыл облысы – 16
Батыс Қазақстан облысы – 41
Қарағанды облысы – 21
Қостанай облысы – 75
Павлодар облысы – 107
Солтүстік Қазақстан облысы – 117
Түркістан облысы – 3
Жазылғандар тізімі аймақтар бойынша:
Ақмола облысы – 12
Ақтөбе облысы – 1
Алматы облысы – 8
Атырау облысы – 10
Шығыс Қазақстан облысы – 198
Батыс Қазақстан облысы – 54
Қарағанды облысы – 22
Қостанай облысы – 37
Қызылорда облысы – 2
Маңғыстау облысы – 48
Павлодар облысы – 15
Солтүстік Қазақстан облысы – 156
Соңғы 24 сағатта коронавирус белгілері бар пневмониядан 73 адам жазылып, 5 адам қайтыс болды . Осылайша елде пневмониядан 30 362 адам жазылды және 439 адам қайтыс болды.