Өткен тәулікте 23 адам коронавирустан, 1 адам коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
25 мамырдағы мәлімет бойынша, 32 254 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 12 452 пациент стационарда, 19 802 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Науқастар арасында 696 адамның жағдайы ауыр, 177 пациенттің жағдайы өте ауыр, ал 105 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Сонымен қатар бір тәулікте 1 558 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 10 адам пневмонияға шалдықты.
Пандемия басталғалы 376 572 адамнан коронавирус анықталды, 3 828 адам коронавирустан қайтыс болды. 54 716 адам пневмонияға шалдықты, 3 345 адам пневмониядан қайтыс болды.