Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың қалыпқа келе бастауына байланысты 28 және 30 тамыздан бастап бірнеше карантиндік шаралар жеңілдетіледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Министрлік хабарламасы бойынша карантин шараларына енгізілетін өзгерістер төмендегідей:
- “ASHYQ” жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің демалыс күндері сағат 24:00-ге дейін рұқсат етіледі
- “ASHYQ” жобасының көшбасшылары – “ASHYQ” қосымшасы арқылы расталған қызметкерлер мен келушілердің “жасыл мәртебесі” (вакцинацияланғандар, 7 күннен кем емес теріс нәтижесі бар ПТР тестінің болуы) болған жағдайда сағат 02:00-ге дейін рұқсат етіледі
- Сенбі күні-қоғамдық көлік қызметіне рұқсат етіледіАғымдағы жылдың 30 тамызынан бастап жұмыс күндері:
- “ASHYQ” жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін рұқсат беріледі
- “ASHYQ” жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 24:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылдыБұл ретте эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Алматы қаласында карантиндік шаралардың жеңілдетілуін 4 қыркүйектен бастап демалыс күндері, ал жұмыс күндері 6 қыркүйектен бастап енгізу жоспарлануда.
Жаңа оқу жылына байланысты премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін келесі тапсырмаларды берді:
🔹 медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, педагогтер мен техникалық персоналды вакцинациялауды аяқтау;
🔹 санитариялық талаптарға сәйкес мектептердің толық дайындығын қамтамасыз ету;🔹 педагогтер, қызметкерлер және ата-аналар үшін барлық білім беру ұйымдарында “ASHYQ” жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету;
🔹 білім беру ұйымдарын оқулықтармен,оқу-әдістемелік кешендермен 100% қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;🔹 мектептерде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау.