13 шілдеде Қазақстанда 1104 адамның коронавирус бойынша ПТР тесті оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Коронавирус жұқтырғандар саны аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 328
- Алматы қаласы – 350
- Шымкент қаласы – 102
- Ақмола облысы – 14
- Ақтөбе облысы – 10
- Алматы облысы – 88
- Атырау облысы – 18
- ШҚО – 13
- Жамбыл облысы – 40
- Батыс Қазақстан облысы – 11
- Қарағанды облысы – 58
- Қостанай облысы – 15
- Қызылорда облысы – 16
- Маңғыстау облысы – 12
- Павлодар облысы – 10
- СҚО – 10
- Түркістан облысы – 9
Елімізде жалпы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 312 294 жетті.