Қазақстанда екі күнде 900-ге жуық азамат карантинге жіберілді

0
118
Назарбаев халықаралық әуежайы. Алматыдан келген жолаушылар. Photo: Bauyrzhan Juasbayev

Коронавирус пандемиясына байланысты шетелден Қазақстанға кіру туралы ереже 6 қазан күні күшіне енгеннен кейін, екі күнде елге ұшып келген 893 азамат карантинге жіберілді. Бұл туралы liter.kz сайты хабарлады.

“6 қазаннан бастап халықаралық рейстердің орындалуына жаңа талаптар енгізілді. 6-7 қазан күндері COVID-19 ПТР сертификатынсыз келген 893 Қазақстан азаматы екі күндік карантинге жіберілді” – деді, транспорт бойынша мемлекеттің бас санитар дәрігері Сәдуақас Байғабылов.

Кейінгі екі күнде шетелден келген 2925 адамда ПЦР тест нәтижесі бар, ол жалпы келгендердің 70%-ы. Жолаушылар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Атырау және Орал қалаларына ұшып келді.

6 қазан күні күшіне енген ереже бойынша, шетелдік азаматтар халықаралық әуежайларда ПТР тестінің нәтижесін көрсетуге міндетті, ал ел азаматтары үшін ПТР тесті болмаған жағдайда екі күндік стационарда қалып, тест тапсырады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз