22 қаңтарда Қазақстанда коронавирус індеті ПТР тестімен дәлелденген 1 548 адам тіркелді.
“Қызыл аймақта” тұрған астанада ең көп науқас – 235 адам тіркеуге алынған. Ақмола облысында Covid жұқтырған 209 кісі санаққа кірді.
Қазақстанның ең үлкен қаласы – Алматыда коронавирус инфекциясы 130 адамға жұққан.
Қауіпті аймаққа жатқызылған Павлодар облысында 226, Қостанайда – 170, Солтүстік Қазақстанда – 116, Атырауда – 104, Батыс Қазақстанда – 74, Шығыс Қазақстанда – 52 науқас анықталды.
Алматы облысында – 83, Қарағанды облысында – 78, Жамбылда – 27, Маңғыстау, Ақтөбе және Түркістан облыстарында 11 науқастан, Шымкентте – 8, Қызылорда облысында – 3 адам коронавируспен тіркелді.
Өткен тәулікте індеттен 9 адам қайтыс болды.
Қазір 25 983 адам короновирус инфекциясы мен соған ұқсас пневмониядан (14 277 КВИ+ және 11 706 КВИ-) ем алып жатыр, олардың ішінде 6 723 науқас стационарда. 302 адамның жағдайы ауыр, 49 кісінің жағдайы өте ауыр, ал 39 кісі өкпе желдеткіш аппаратқа қосылған.
Жалпы әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 100 миллионға таяп қалды. 2,1 миллиондай кісі осы дерттен көз жұмды.