Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 400 мыңға жақындады

0
147
Photo: pricom.kz

7 маусым күні 768 адам коронавирус жұқтырып, жалпы өткен жылдың наурыз айынан бері 395 832 адам вирус жұқтырған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 8 маусым күні хабарлады.

Өткен аптадан бастап коронавирус статистикасы төмендей бастады. Алайда, инфекциядан қайтыс болғандар саны азаймай тұр. Өткен тәулікте 1739 адам коронавирустан жазылып шықты. 21 адам коронавирус пневмониясынан емделді. Бір күнде 20 адам – коронавирустан, 6 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды.

Ел астанасында вирус жұқтырғандар саны күрт төмендеген (73). Алматыда бір күнде 125 науқас тіркелді. Қарағанды облысында 149 адамнан инфекция табылды. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар жүзге жетпейді.

Қазақстан аумағында вирустың таралуы азайып, қазіргі таңда көптеген қалалар мен облыстар “жасыл аймаққа” көшті. Ал, Қазақстан Республикасы вирустың таралуы бойынша “жасыл аймақта”. “Қызыл аймақта” Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы орналасқан.

Қазір коронавирустан 23 587 адам ( оның ішінде 875 адам пневмониядан) емделіп жатыр. 540 адамның жағдайы ауыр, 114 науқастың жағдайы өте ауыр. 71 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз