Қазақстанда өткен тәулікте 670 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, вируспен ауырғандар саны азаюда. Елде жалпы 137 653 адам вирус жұқтырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
8 желтоқсан таңертеңгі ақпаратта 670 адам вирус жұқтырды. Оның ішінде ең көп тіркелгені Павлодар(104 адам) облысында. Бұдан бөлек 548 адам індеттен жазылып, барлығы 121 347 адамға жетті. Ал, 8 адам ауру салдарынан қайтыс болып, жалпы 2096 адам өлді.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 14 210 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 1 001 бала бар.
Жұқтырғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 41
Алматы қаласы – 65
Шымкент қаласы – 2
Ақмола облысы – 60
Алматы облысы – 23
Атырау облысы – 61
Шығыс Қазақстан облысы – 71
Жамбыл облысы – 18
Батыс Қазақстан облысы – 40
Қарағанды облысы – 30
Қостанай облысы – 75
Маңғыстау облысы – 1
Павлодар облысы – 104
Солтүстік Қазақстан облысы – 75
Түркістан облысы – 4
Жазылғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 58
Алматы қаласы – 43
Ақмола облысы – 70
Ақтөбе облысы – 2
Атырау облысы – 11
Жамбыл облысы – 31
Батыс Қазақстан облысы – 20
Қарағанды облысы – 25
Қостанай облысы – 213
Қызылорда облысы – 1
Павлодар облысы – 71
Түркістан облысы – 3
Соңғы 24 сағатта коронавирус белгілері бар пневмониның 18 жағдайы тіркелді. Бұдан бөлек 76 адам емделіп шықты. Осылайша елде пневмонияны 43 124 адам жұқтырып, 31 032 адам жазылған.