Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны көбеюде

0
193

Қазақстанда өткен тәулікте 716 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, елде жалпы 126 182 адам вирус жұқтырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

23 қараша таңертеңгі ақпаратта 716 адам вирус жұқтырып, оның ішінде 188 адам Шығыс Қазақстан облысында. Бұдан бөлек 514 адам індеттен жазылып, барлығы 112 806 адамға жетті. Ал, 7 адам ауру салдарынан қайтыс болып, жалпы 1990 адам өлді.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 386 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 644 бала бар. Стационарларда 3 225 науқас жатыр. 8 161 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жұқтырғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 40
Алматы қаласы – 42
Шымкент қаласы – 2
Ақмола облысы – 61
Ақтөбе облысы – 8
Алматы облысы – 12
Атырау облысы – 15
Шығыс Қазақстан облысы – 188
Жамбыл облысы – 10
Батыс Қазақстан облысы – 42
Қарағанды облысы – 20
Қостанай облысы – 77
Қызылорда облысы – 1
Маңғыстау облысы – 2
Павлодар облысы – 98
Солтүстік Қазақстан облысы – 96
Түркістан облысы – 2

Жазылғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 33
Алматы қаласы – 153
Ақмола облысы – 42
Ақтөбе облысы – 3
Атырау облысы – 3
Шығыс Қазақстан облысы – 98
Батыс Қазақстан облысы – 7
Қарағанды облысы – 11
Қостанай облысы – 16
Павлодар облысы – 31
Солтүстік Қазақстан облысы – 117

Соңғы 24 сағатта коронавирус белгілері бар пневмониның 44 жағдайы тіркелді. Ал жазылғандар саны 27 адам. Осылайша елде пневмонияны 41 203 адам жұқтырып, 30 086 адам жазылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз