10 ақпанда Қазақстанда 1530 адам коронавирустан жазылып шықты. 239 адам коронавирус пневмониясынан емделді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 11 ақпан таңертең хабарлады.
Өткен жылдың наурызынан бері коронавирустан емделген науқастар саны 180 807 адамға жеткен.
Бұдан бөлек өткен тәулікте 1007 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, елде жалпы 199 093 адам вирус жұқтырды. Бір күнде 5 адам – коронавирустан, 4 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды.
Өткен тәулікте ең көп науқас Павлодар облысы (180) және Нұр-Сұлтан қаласында – 131 тіркелген. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар жүзге жетпейді.
Қазір коронавирустан 25 272 адам ( оның ішінде 9612 адам пневмониядан) емделіп жатыр. 260 адамның жағдайы ауыр, 48 науқастың жағдайы өте ауыр. 46 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.