Жексенбі күні Қазақстанда коронавирус жұққан тағы 930 адам анықталды. Екі күн бұрын 10 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды. 19 маусымда 9 адам қайтыс болған: 8 адам – коронавирустан, 1 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмғаны хабарланды.
Өткен тәулікте Нұр-Сұлтанда – 215, Алматыда – 115, Шымкентте – 59, Ақмола облысында – 36, Ақтөбе облысында – 19, Алматы облысында – 13, Атырау облысында – 40, Шығыс Қазақстан облысында – 75, Жамбыл облысында – 13, Батыс Қазақстан облысында – 66, Қарағанды облысында – 150, Қостанай облысында – 32, Қызылорда облысында – 16, Маңғыстау облысында – 15, Павлодар облысында – 40, Солтүстік Қазақстан облысында – 13, Түркістан облысында 13 науқас тіркелген.
Былтыр наурыз айынан бері елде 409 580 адамның коронавирус тесті оң шыққан. 4242-і қайтыс болған. Бұған қоса, коронавирус пневмониясына шалдыққандар 56 545 адамға жетті. 3424-і көз жұмған деп айтылады. Елде коронавирус пен коронавирус пневмониясына шалдыққандар бөлек есептеледі. Бірақ халықаралық ұйымдардың сайтында екі көрсеткіш біріктірілген.
Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы коронавирус бойынша “қызыл аймақта” қалып отыр. Шымкент қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары – “сары аймақта”. Қалған облыстар мен қалалар “жасыл аймақта”.
21 504 адам коронавирустан емделіп жатыр. (20 мыңнан астамының ПТР тесті оң шыққан). Стационарда 6497 адам емделіп жатыр. 15 007 адам амбулаторлық жағдайда емделіп жүр. 442 адамның жағдайы ауыр, 86 пациенттің жағдайы өте ауыр, 54 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.
Соңғы ақпарат бойынша, елде 2 млн 760 мың адам коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде бір дозасын алған. 1 млн 668 мыңы екі дозасын алған. Азаматтарға ресейлік “Спутник V”, қазақстандық QazVac және қытайлық Sinopharm және “Sinovac Biotech Ltd” компаниясының CoronaVac (Sinovac) вакцинасы егіліп жатыр.