Бір күнде екі мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды

0
297
Назарбаев халықаралық әуежайы. Алматыдан келген жолаушылар. Photo: Bauyrzhan Juasbayev

Қазақстанда өткен тәулікте 1873 адамның коронавирус тесті оң шыққан. 93 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Министрлік коронавирус пневмониясы мен адам өлімі бойынша екі күн бұрынғы (30 наурыз) мәліметті жариялаған. Сейсенбі күні 18 адам өлімі тіркелген. Төртеуі коронавирус пневмониясынан қайтыс болған.

Ел астанасында науқастар (512) күрт артқан. Алматыда бір күнде 515 науқас тіркелді. Алматы облысында 220 науқас анықталған. Батыс Қазақстан облысында – 98, Қарағанды облысында – 95, Ақтөбе облысында – 86, Атырау облысында – 75, Шымкент қаласында – 51, Ақмола облысында – 48, Қостанай облысында – 37, Шығыс Қазақстан облысында – 34, Жамбыл облысында – 26, Маңғыстау облысында – 19, Павлодар облысында – 17, Солтүстік Қазақстан облысында – 17, Қызылорда облысында – 15, Түркістан облысында 7 науқас тіркелген.

Өткен жылдың наурыз айынан бері 246 854 адамның коронавирус тест оң шыққан. Содан бері 3 060 адам қайтыс болған. Бұған қоса, 692 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады. 1 тамыздан бері 50 618 адамға коронавирус пневмония диагнозы қойылған.

Қазір 25 156 адам коронавирустан емделіп жатыр. 23,4 мыңының коронавирус тесті оң шыққан. 83 адамның жағдайы өте ауыр. 52 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, 128,7 млн адамға коронавирус жұққан, 2,8 млн адам қайтыс болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз