ДДСҰ басшысы: Бірнеше айдың ішінде коронавирусты толықтай бақылауға аламыз

0
216
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус. Photo: cfr.org

19 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирус пандемиясын бақылайтын барлық құралдың бар екенін, егер олар дұрыс қолданылатын болса бірнеше айда толық бақылауда болатынын жеткізді.

Оның айтуынша, өткен аптада әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 5,2 миллион адамға артқан. Ал інжеттен өлім құшқандар бесінші апта қатарынан өсіп жатыр. Қазіргі уақытта ДДСҰ бүкіл әлем бойынша 3 миллионнан астам коронавирус құрбанын тіркеген.

“Жастар арасындағы әлеуметтік шатасудың артуы және коронавирустың кейбір штаммдарының жұқпалы болуының әсерінен 25 пен 59 жас аралығындағы адамдар арасында инфекция жұқтыру мен ауруханаға жатқызу саны өсіп жатыр”, – деді ДДСҰ басшысы брифингте.

20 сәуірдегі ақпарат бойынша 192 мемлекетте 142 миллионнан астам адамнан коронавирус анықталды, 3 миллионнан астам адам қайтыс болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз