20 сәуірде денсаулық сақтау министрлігі елде 38 997 адамның коронавирустан ем қабылдап жатқанын хабарлады.
Өткен тәуліктің мәліметі бойынша 40 мыңға жуық адам коронавирус инфекциясынан ем алуда. Оның ішінде тек 363 адам пневмониядан емделуде. Қазіргі таңда 13 836 адам стационарда, ал 25 161 адам амбулаториялық деңгейде. Коронавирус жұқтырғандардың ішінде 663 адамның жағдайы ауыр, 176 адамның жағдайы өте ауыр және 96 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Қазақстанда өткен тәулікте 2530 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Ал 2084 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұдан бөлек коронавирустан 30 адам қайтыс болды.