Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус деректерін жариялады

0
226
Жедел жәрдем көліктері.

7 желтоқсандағы ақпарат бойынша Қазақстанда 545 адамнан коронавирус табылды. 6 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 6 адам – коронавирустан, 4 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Өткен жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 976 327 адамға жеткен.

Ал, пневмония бойынша 2020 жылдың 13 наурызынан бері жалпы 82982 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 5167 адам қайтыс болған. 74689 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 23 452 адам емделуде, олардың ішінде 4 744 пациент стационарда, 18 708 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Оның ішінде 355 адамның жағдайы ауыр, 96 пациенттің жағдайы өте ауыр, ал 57 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз