22 қазандағы ақпарат бойынша Қазақстанда 1742 адамнан коронавирус табылды. 151 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 32 адам – коронавирустан, 4 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Былтыр наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 924 802 адамға жеткен.
Ал, пневмония бойынша 1 жылдан астам уақыт ішінде жалпы 78460 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 4992 адам қайтыс болған. 67214 адам жазылған.
Қазір коронавирустан 51 216 адам (–44 962 + және 6 254 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 851 пациент стационарда, 42 365 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Оның ішінде 625 адамның жағдайы ауыр, 172 пациенттің жағдайы өте ауыр, ал 109 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.