ДСМ: өткен тәулікте 770 адамнан коронавирус табылды

0
142

Қазақстанда өткен тәулікте 770 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, елде жалпы 133 118 адам вирус жұқтырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

2 желтоқсан таңертеңгі ақпаратта 770 адам вирус жұқтырды. Оның ішінде ең көп тіркелгені ШҚО(141), СҚО(107) және Павлодар(106) облыстарында. Бұдан бөлек 499 адам індеттен жазылып, барлығы 117 362 адамға жетті. Ал, 8 адам ауру салдарынан қайтыс болып, жалпы 2049 адам өлді.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 707 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 967 бала бар.

Жұқтырғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 66
Алматы қаласы – 42
Шымкент қаласы – 9
Ақмола облысы – 90
Алматы облысы – 29
Атырау облысы – 25
Шығыс Қазақстан облысы – 141
Жамбыл облысы – 15
Батыс Қазақстан облысы – 29
Қарағанды облысы – 20
Қостанай облысы – 84
Қызылорда облысы – 1
Маңғыстау облысы – 1
Павлодар облысы – 106
Солтүстік Қазақстан облысы – 107
Түркістан облысы – 5

Жазылғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 47
Алматы қаласы – 43
Ақмола облысы – 54
Ақтөбе облысы – 4
Алматы облысы – 9
Атырау облысы – 4
Шығыс Қазақстан облысы – 103
Батыс Қазақстан облысы – 10
Қарағанды облысы – 19
Қостанай облысы – 11
Қызылорда облысы – 1
Павлодар облысы – 48
Солтүстік Қазақстан облысы – 138
Түркістан облысы – 8

Соңғы 24 сағатта коронавирус белгілері бар пневмониның 232 жағдайы тіркелді. Ал жазылғандар саны 119 адам. Осылайша елде пневмонияны 42 447 адам жұқтырып, 30 681 адам жазылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз