ДСМ: Өткен тәулікте 835 адам коронавирус жұқтырды

0
364

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұққаны тестпен расталған 835 адам анықталды, 76 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды. Covid-тен – 6 адам, коронавирус пневмониясынан 1 адам қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 15 қаңтар күні хабарлады.

Жұма күні, Алматы қаласында – 131, Атырау облысында – 85
Павлодар облысында – 75, Нұр-Сұлтанда – 74, Қостанай облысында – 73 адам, ал Алматы облысында 69 адамнан коронавирус анықталды.

Наурыз айынан бері 166146 адамның ПТР-тесті оң шыққан: 151838-і жазылған. 2 386-сы қайтыс болған.

Денсаулық сақтау министрлігі белгілері коронавирус инфекциясына ұқсас болғанымен, ауру лаборатория арқылы расталмаған пневмониямен ауырғандардың статистикасын былтырғы 1 тамыздан бері жүргізіп келеді. Оған дейін бұл аурумен қанша адам ауырғаны белгісіз. Содан бергі кезеңде мұндай пневмониямен 46 666 адам тіркелді, 533 науқас қайтыс болды.

АҚШ-тағы Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырған 93,5 миллион адам тіркелген. 66,8 миллион кісі бұл дерттен жазылып шықса, 2 002 407 адам көз жұмған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз