ДСМ өткен тәуліктегі коронавирус дерегін жариялады

0
189

11 қазандағы ақпарат бойынша Қазақстанда 1717 адамнан коронавирус табылды. 42 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 29 адам – коронавирустан, 4 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Өткен тәулікте ең көп науқас Алматы (326) және Нұр-Сұлтан (280) қалаларында тіркелген.

Былтыр наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 905 641 адамға жеткен.

Ал, пневмония бойынша 1 жылдан астам уақыт ішінде жалпы 77247 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 4914 адам қайтыс болған. 65208 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 53 751 адам (46 626 КВИ+ және 7 125 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 653 пациент стационарда, 44 098 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Оның ішінде 696 адамның жағдайы ауыр, 194 пациенттің жағдайы өте ауыр, ал 127 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз