Коронавирус: 4 облыс “қызыл” аймақта

0
239

Қазақстанда 4 облыс коронавирустың таралуы бойынша “қызыл” аймаққа кірді. Бұл туралы ұлттық қоғамдық денсаулық орталығы хабарлады.

“Қызыл” аймақ: Атырау, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстары.

СҚО және Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары вирустың таралуы бойынша “сары” аймақта.

Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласы коронавирустың таралуы бойынша “жасыл” аймаққа кірген.

Жалпы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстан “сары” аймақта тұр.

Атап өтейік, өткен тәулікте елде 733 адам коронавирус жұқтырды. Соның ішінде 133 адам Атырау облысында тіркелген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз