29 қарашада Қазақстанда 114 адамның коронавирус бойынша ПТР тесті оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
30 қарашадағы мәлімет бойынша, 1 020 адам коронавирус инфекциясынан (–882+ және 138 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 165 пациент стационарда, 855 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 6 адамның жағдайы ауыр,
- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас жасанды тыныс аппаратында жатыр.