Коронавирус жұқтырғандардың тәулік көрсеткіші азайды

0
72

Қазақстанда өткен тәулікте 989 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. 21 адамнан пневмония табылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Қазақстанда соңғы бірнеше аптадағы коронавирус жұқтырғандардың тәулік көрсеткіші азайды. 7 маусым таңертеңгі ақпаратта 989 адам вирус жұқтырып, 1081 адам індеттен жазылды. Ал, 19 адам коронавирус салдарынан қайтыс болды. Жалпы вирус жұқтырғандардың саны 395 064 адамға, жазылғандардың саны 367 285 адамға, ал қайтыс болғандар саны 4076 адамға жетті.

Барлығы 24600 адам коронавирус инфекциясынан ем алуда. Оның ішінде 897 адам пневмониядан емделуде. Қазіргі таңда 8 724 адам стационарда, ал 15 876 адам амбулаториялық деңгейде. Коронавирус жұқтырғандардың ішінде 579 адамның жағдайы ауыр, 120 адамның жағдайы өте ауыр және 78 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Бұдан бөлек елде 2 247 776 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын ектірген. Ал екінші компонентін 1 187 464 адам ектірген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз