Дегенмен коронавирустан қайтыс болғандар саны әлі де азаймай тұр.
1 маусым күні таңертеңгі ақпаратта 1 123 адам коронавирус, 11 адам коронавирусқа ұқсас белгілері бар пневмония жұқтырды. Коронавирустан 19, пневмониядан 3 науқас қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Соңғы бір аптада коронавирус инфекциясының тәулік көрсеткіші едәуір төмендеді. 26 мамырдан бастап бүгінге дейін азаю процессі байқалады:
- 26 мамыр: 1849 адам
- 27 мамыр: 1747 адам
- 28 мамыр: 1688 адам
- 29 мамыр: 1549 адам
- 30 мамыр: 1405 адам
- 31 мамыр: 1123 адам
Жалпы вирус жұқтырғандардың саны 387 672 адамға, жазылғандардың саны 357 826 адамға, ал қайтыс болғандар саны 3974 адамға жетті.
Барлығы 26 393 адам коронавирус инфекциясынан ем алуда. Оның ішінде 521 адам пневмониядан емделуде. Қазіргі таңда 9 984 адам стационарда, ал 16 409 адам амбулаториялық деңгейде. Коронавирус жұқтырғандардың ішінде 629 адамның жағдайы ауыр, 148 адамның жағдайы өте ауыр және 95 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Бұдан бөлек елде 2 131 519 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын ектірген. Ал екінші компонентін 1 074 954 адам ектірген.