Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал туралы ақпаратпен бөлісті

0
189
Қазақстан денсаулық сақтау министрі Алексей Цой. Photo: vlast.kz

Қазақстанда соңғы ай ішінде аурушаңдық деңгейі 3,1 есеге, стационарлық және амбулаториялық науқастардың саны 1,7 есеге  төмендеді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.

“Халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялау жалғасуда. 1-компонентпен 8,8 миллион адам екпе алды, бұл ересек халықтың 77,8% – ын қамтиды. 2-компонентпен 8,3 миллион адам екпе алды, яғни ересек халықтың 72,9% – ын қамтиды. Халық санының бірінші компоненті – 47,6%, екінші компоненті – халықтың 43,8%-ын құрады”- делінген хабарламада.

Бүгінгі күні Comirnaty (Pfizer) вакцинасының бірінші компонентімен 188 906 адам вакцинацияланды, оның ішінде 150 669 жасөспірім және 38 237 жүкті және емізетін әйелдер. Ал, 136 мың адам ревакцинация алды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз