Министрлік коронавирус деректерін жариялады

0
89

25 қыркүйектегі ақпарат бойынша Қазақстанда 2324 адамнан коронавирус табылды. 200 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 46 адам – коронавирустан, 8 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Соңғы ақпарат бойынша ең көп науқас Алматы (510) қаласында және Алматы (262) облысында тіркелген.

Өткен жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 874 920 адамға жеткен.

Ал, пневмония бойынша 1 жылға жуық уақыт ішінде жалпы 75086 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 4784 адам қайтыс болған. 61448 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 64 475 адам коронавирус инфекциясынан (–55 621 + және 8 854 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 11 146 пациент стационарда, 53 329 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Оның ішінде 895 адамның жағдайы ауыр, 230 пациенттің жағдайы өте ауыр, ал 138 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз