Сovid-19: “Қызыл аймақтағы” өңірлер саны азайды

0
232

3 маусымдағы ақпарат бойынша Нұр-Cұлтан қаласы және Қарағанды облысы коронавирустың таралуы бойынша “қызыл аймақта”. Бұл туралы ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы хабарлады

Өткен аптадан бері Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай жақсаруда. Тиісінше коронавирустың таралуы бойынша “қызыл аймақтағы” өңірлер саны да азайды. Қазіргі таңда “қызыл аймақта” 2 өңір, “сары аймақта” 6 өңір, “жасыл аймақта” 9 өңір орналасқан. Жалпы Қазақстан Республикасы “сары аймақта” тұр.

Қазақстанда өткен тәулікте 1385 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Оның ішінде ең көп Нұр-Сұлтан (272) және Алматы (203) қалаларында тіркелді. Ал 2575 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Өткен жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 390 376 адамға жеткен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз