Қазақстанда өткен тәулікте 442 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, елде жалпы 112 860 адам вирус жұқтырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
2 қараша таңертеңгі ақпаратта 442 адам вирус жұқтырып, оның ішінде 245 адам Шығыс Қазақстан облысында. Бұдан бөлек 114 адам індеттен жазылып, барлығы 106 514 адамға жетті. Ал, 5 адам ауру салдарынан қайтыс болып, жалпы 1857 адам өлді.
Жұқтырғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 28
Алматы қаласы – 21
Ақмола облысы – 27
Ақтөбе облысы – 4
Алматы облысы – 2
Атырау облысы – 3
Шығыс Қазақстан облысы – 245
Жамбыл облысы – 3
Батыс Қазақстан облысы – 13
Қарағанды облысы – 16
Қостанай облысы – 13
Маңғыстау облысы – 2
Павлодар облысы – 30
Солтүстік Қазақстан облысы – 35
Жазылғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 46
Алматы қаласы – 6
Ақмола облысы – 7
Шығыс Қазақстан облысы – 7
Қарағанды облысы – 21
Қызылорда облысы – 3
Павлодар облысы – 24
Соңғы 24 сағатта коронавирус белгілері бар пневмониның 41 жағдайы тіркелді. Ал жазылғандар саны 32 адам. Осылайша елде пневмонияны 38 003 адам жұқтырып, 28 819 адам жазылған.