13 желтоқсандағы ақпаратта 491 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. 21 адамнан пневмония табылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Қазақстанда кейінгі бірнеше аптадағы коронавирус жұқтырғандардың тәулік көрсеткіші азайған. Соңғы ақпаратқа сәйкес, 543 адам індеттен жазылды. Ал, 12 адам коронавирус салдарынан қайтыс болды. Жалпы вирус жұқтырғандардың саны 979 975 адамға, жазылғандардың саны 948 757 адамға, ал қайтыс болғандар саны 12 864 адамға жетті.
Барлығы 21 128 адам коронавирус инфекциясынан ем алуда. Қазіргі таңда 4 147 адам стационарда, ал 16 981 адам амбулаториялық деңгейде. Коронавирус жұқтырғандардың ішінде 330 адамның жағдайы ауыр, 88 адамның жағдайы өте ауыр және 64 науқас жасанды тыныс аппаратында жатыр.