Өткен тәулікте коронавирустан 13 адам қайтыс болды

0
243
Photo: AFP

Қазақстанда дүйсенбі күні коронавирус жұққан тағы 943 адам анықталды. 20 маусымда 1 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан, 13 адам қайтыс болған: 7 адам – коронавирустан, 6 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды деп айтылады.

Өткен тәулікте Нұр-Сұлтанда – 323, Қарағанды облысында – 153, Алматыда – 110, Шымкентте – 17, Ақмола облысында – 33, Ақтөбе облысында – 7, Алматы облысында – 27, Атырау облысында – 26, Шығыс Қазақстан облысында – 64, Жамбыл облысында – 22, Батыс Қазақстан облысында – 13, Қостанай облысында – 31, Қызылорда облысында – 30, Маңғыстау облысында – 12, Павлодар облысында – 43, Солтүстік Қазақстан облысында – 15, Түркістан облысында 17 науқас тіркелген.

Былтыр наурыз айынан бері елде 410 523 адамның коронавирус тесті оң шыққан. 4249-ы қайтыс болған. Бұған қоса, коронавирус пневмониясына шалдыққандар 56 546 адамға жетті. 3430-ы көз жұмған деп айтылады. Елде коронавирус пен коронавирус пневмониясына шалдыққандар бөлек есептеледі. Бірақ халықаралық ұйымдардың сайтында екі көрсеткіш біріктірілген.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы коронавирус бойынша “қызыл аймақта” қалып отыр. Шымкент қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары, Алматы қаласы – “сары аймақта”. Қалған облыстар мен қалалар “жасыл аймақта”.

21 330 адам коронавирустан емделіп жатыр. (20 мыңнан астамының ПТР тесті оң шыққан). Стационарда 6310 адам емделіп жатыр. 15 020 адам амбулаторлық жағдайда емделіп жүр. 419 адамның жағдайы ауыр, 95 пациенттің жағдайы өте ауыр, 59 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

22 маусым күнгі үкімет отырысы кезінде премьер-министр Асқар Мамин Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақты болғанмен көрші елдерде вирус өршіп жатыр деп мәлімдеп, шекарада бақылауды күшейтуді тапсырды. Кейінгі кезде Қазақстан көршісі Қырғызстан мен Ресейде вирус күшейген.

Бір күн бұрын Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі елде тез жұғатын “үндістандық штамға ұқсайтын вирус мутациясы анықталғанын” хабарлаған. 

Қазақстанда 2 млн 809 мың адам коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде бір дозасын алған. 1 млн 715 мыңы екі дозасын алған. Азаматтарға ресейлік “Спутник V”, қазақстандық QazVac және қытайлық Sinopharm және “Sinovac Biotech Ltd” компаниясының CoronaVac (Sinovac) вакцинасы егіліп жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз