Коронавирус: 3 өңір “қызыл аймақта”

0
463

19 наурыз таңертеңгі ақпаратта Нұр-Cұлтан, Алматы қалалары және Батыс Қазақстан облысы коронавирустың таралуы бойынша “қызыл аймақта”. Бұл туралы ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы хабарлады

Қазақстанда өткен тәулікте 1264 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Оның ішінде ең көп Нұр-Сұлтан(285) және Алматы(366) қалаларында тіркелді. Ал 749 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұдан бөлек коронавирустан 10 адам қайтыс болды.

Наурыздан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 229 217 адамға жеткен.

Жалпы Қазақстан Республикасы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты “сары аймақта”.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз