Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті бүгінгі отырыста Қазақстанның мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындау үшін Ақтоты Райымқұлованың кандидатурасын мақұлдады.
Қазақстан премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша кандидатураны кеңсе басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды.
Ақтоты Райымқұлова 1964 жылы туған. Алматы мемлекеттік консерваториясын “Композиция және фортепиано” мамандығы бойынша, Халықаралық бизнес академиясын “Менеджмент” мамандығы бойынша (2007) МВА дәрежесімен бітірген.
Әр жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында оқытушы, кафедра меңгерушісі, проректор болып жұмыс істеді.
2014-2016 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері жөніндегі департаментін басқарды.
2016 жылдың 3 қазанында ҚР Үкіметінің Қаулысымен ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды.