ҚР Үкіметінде заң жобалау жұмыстарының 2018 жылға арналған жоспары қаралды, деп мәлімдейді Үкімет үйінің баспасөз қызметі.
ҚР Әділет министрі Марат Бақытжанұлының айтуынша, Жоспар жобасы 2018 жылы 16 заң жобасын әзірлеуді және Парламентке енгізуді көздейді. Олардың ішінде көлік мәселелері бойынша, медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігіне кепілдік беру, гидротехникалық құрылыстар қауіпсіздігі, тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы, т. б заң жобалары бар. Жалпы, 5 дербес заңды әзілеу көзделген және 10 әрекеттегі заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
«Сонымен қатар ҚР МСМ дене шынықтыру мен спорт мәселелері жөнінде ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастама білдірді», — деп қорытындылады М. Бекетаев.
Жадыра Аманбайқызы