Астанада Азиядағы Ядролық кооперация форумының 18-ші Кеңесі өтті

0
63

11 қазанда Астанада 12 елдің ірі лауазымды тұлғаларының қатысуымен Азиядағы Ядролық кооперация форумының министрлер деңгейіндегі 18-ші кеңесі өтті. Екі жылда бір рет өтетін шарада «Қоршаған ортаны қорғау үшін ядролық ғылым мен технологияларды қолдану» тақырыбы қарастырылды.

Қазақстан Республикасының энергетика Министрі Қанат Бозымбаев Азия аймағының дамуы үшін оның маңыздылығына тоқтала отырып «Қазақстан Азиялық ядролық кооперация форумының құрамына 2010 жылдан бері мүше. Содан бері еліміз ұйым жұмысына белсене қатысып келеді. Біз атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану бойынша әлемдегі қоғамдастықтармен әріптестік орнатуға мүдделіміз», деп атап көрсетті.

Қазіргі таңда 12 мемлекет қатысатын форум 2000 жылы Жапонияның Атом энергиясы жөніндегі комиссиясының бастамасымен Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі мемлекеттер арасындағы ядролық және радиациялық технологиялар саласындағы тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында Азиядағы Ядролық кооперация форумы (Forum for Nuclear Cooperation in Asia, FNCA) құрылды.

Форумның негізгі міндеті – ядролық технологияларды және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану болып табылады.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз