Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Экономикалық ынтымақтастық даму ұйымы (ЭЫДҰ) Бас хатшысы Анхель Гурриамен кездесті, деп хабарлайды Қазақпарат.
Тараптар ЭЫДҰ мен Қазақстанның ынтымақтастығы жөніндегі бірқатар бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылап, оның өнімділігі мен өзектілігін атап өтті.
А.Гурриа Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға бере отырып, ЭЫДҰ-ның елімізге қажетті консультативтік көмек көрсетуге дайын екендігін атап өтті.
Сондай-ақ, ЭЫДҰ Бас хатшысы Қазақстандағы Еуразия апталығын өткізуді қолдағаны үшін алғысын білдіріп, ұйымның парламенттік желісі аясында ынтымақтастықты дамытуды ұсынды. Сонымен қоса ЭЫДҰ басшысы Сенат Төрағасын Ұйымның парламенттік сегментінің жұмысына қатысуға шақырды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің халықаралық аренадағы маңызды серіктесі болып табылатын ЭЫДҰ-мен ынтымақтастыққа үлкен мән беретінін айта отырып, Қазақстан ЭЫДҰ-ға мүше елдердің тәжірибесін барынша пайдалануды және ұзақ мерзімді перспективада елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін ұйымның сараптық әлеуетін іске асыруға ниетті екенін атап өтті.
Жадыра Амабайқызы