Әйгілі түрік әншісі Таркан Германияға қоныс аудармақ

0
163

Әйгілі түрік әншісі Таркан Теветолу Стамбулда Германия консулдығынан шығып бара жатқан кезде байқалды. Бұл туралы түркиялық масс-медиа құралдары жарыса хабарлайды.

Былтыр Германия азаматшасы Пынар Дилекке үйленген Тарканның консулдыққа некелі жарының отанында тұруға мүмкіндік беретін ықтияр хат алуға келгені белгілі болды.

Тарканның Германия консулдығына баруы отқа май құйғандай болды. Өйткені бірнеше күн бұрын телеканалдардың бірінде шыққан хабарда Тарканның басқа елге қоныс аударатыны жайлы сөз етілген болатын.

Сонымен қатар, басылымдарда Тарканға қатысты шыққан ақпаратқа сүйенсек, әнші былтыр қайынжұрты тұратын Дуйсбург қаласынан 70 километрлік жерден шамамен 600 мың евроға люкс вилла сатып алған.

Медиа құралдары ықтияр хат алуға келген Тарканның Германияның Стамбулдағы консулдығында екі жарым сағаттай уақыт өткізгенін атап өтті.

 

Германияда туып өсіп, кейін тарихи отанына көшіп келген Таркан 1990 жылдардан бері шығарған хит әндерімен әлемде танымалдылыққа ие.

Түркияда «Поп-Музыканың ханзадасы» атағымен танымал мега жұлдыздың неге Германияға қоныс аударуға бел буғаны әзірге түсініксіз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз