Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттері БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған «Украина аумағының бір бөлігі – Қырым Автономиялық Республикасы мен Севастополь қаласын Ресейдің уақытша окупациялауын» мойындайтын қарарға қарсы, деп хабарлайды РИА Новости.
Аталған құжат 30 мемлекеттің бірлесуімен ұсынылған болатын. Нәтижесінде әлемнің 70 мемлекетінің делегаттары дауыс беріп 26 мемлекет қарсы болды. Сонымен қоса 76 мемлекет қалыс қалды.
Бастаманы қолдайтындардың қатарын – АҚШ, Грузия және қолдаушылардың басым бөлігін еуропалық мемлекеттер құрады.
Сондай-ақ, Ресей, Қытай, Үндістан, Сербия, Армения, Белорус, Куба, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Оңтүстік Африка елдері бастамаға қарсы ниеттерін білдірді.
Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка (Мысыр, Біріккен Араб Эмираттары, Оман), сондай-ақ Латын Америкасы (Бразилия, Сальвадор, Чили) елдерінің көпшілігі қалыс қалды.
Құжатта Ресей «Қырым тұрғындарына байланысты барлық құқық бұзушылықтар мен адам құқығын таптауларын дереу тоқтатуға арналған 12 ұсынысты» қабылдауға шақырылды. БҰҰ-ның кездесуін Украинаның Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Кислица қабылдады. Оның айтуынша, Қырым түбегіндегі жағдай «әлі де нашарлауын тоқтатпайды» және «тұрғындар өздерін лаңкес немесе украйн тыңшылары деп айыптап түрмеге жабады деген қорқынышпен өмір сүруде».Сондай-ақ, дипломат бұл құжатты «Украйнаның өз міндеттерін қамтамасыз ететін дипломатиялық, саяси және құқықтық механизм», деп атады.
Ресей өкілі Анатолий Викторов Украйнаның билік орындарындағы жағдайды сынға алып, «Киев осы жобаның көмегімен саяси мақсаттарды шешуге тырысуда. Негізгі мақсат – бұл адам құқықтарын қорғау туралы мәселе емес, Украйнаның күш жігерінің тізбегінде Қырымның мәртебесін кез келген тәсілмен өзгертуге тырысатын байланыстардың бірі туралы», деп айыптады.
Қыркүйек айында БҰҰ Ресейді Қырымдағы адам құқықтарын және халықаралық құқықтарды бұзды деп айыптаған болатын. БҰҰ Қырым түбегін «окупацияланған аймақ» деп атады. Мониторинг миссиясының баяндамасында, атап айтқанда, Қырым түбегі Ресей Федерациясының аймағына қосылған уақыттан бері Ресей мен Украйна билігін қоса алғанда адам құқықтары жаппай бұзыла бастаған.
Құжатта Қырым түбегінде «азаптау», «соттан тыс жазалау» сынды қатаң құқық бұзушылықтардың тәркіленгені туралы жазылған.
Жадыра Аманбайқызы