Қырғызстан мен Қазақстанның шекарасындағы кеңейтілген бақылау «сұр» импортқа қарсы күрес аясында жүргізілуде деп хабарлайды ҚР ақпарат және коммуникациялар қызметі. Бұл туралы РИА Новости агенттігі хабарлайды.
Көршілес екі ел арасындағы шекара бекеті жабылғалы бері, қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, жолаушы вагондары мен жүк көліктері жинақталған үлкен кептелістердің пайда болуына алып келді.
Бұған дейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметінің басқармасы қазақ-қырғыз бөлімдеріне жоспарланған шекаралық операциялар жүргізіліп жатқандығын хабарлаған болатын. Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев жексенбі күні сөйлеген сөзінде қазақ-қырғыз шекара бекеті екі-үш күнде ашылмаған жағдайда Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) елдері басшыларының отырысын өткізуге дайын екенін хабарлады.
Ведомство «Бүгінгі күні мемлекеттік шекараның қазақ-қырғыз бөлігін бақылауды күшейту жөніндегі операция жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр. Бақылау «сұр» импорт көлемін азайту мақсатында ЕЭО заңнамасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады», – деп хабарлады.
Министрліктің хабарлауынша, өткен бір тәулік ішінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 131 көлік құралының он үшінде қазақстандық рұқсаттамасының жоқтығы, салмақ өлшемдерінің көрсеткіштен асып кетуі сынды құқық бұзушылықтар тіркелген. Аталған құқық бұзушылықтар үшін 850 АҚШ доллары көлемінде әкімшілік айыппұл салынған.
Сонымен қатар, тұрақты жолаушылар тасымалдаушы автобустың рұқсаттамасы болмағандықтан, автобус айыппұл паркіне орналастырылды.
Кедендік заңның бұзылуы, атап айтқанда 60 тоннадан астам тауар тұтыну шекаралық тексеріс барысында анықтарды. Бір қылмыстық іс қозғалып, тағы бесеуі әкімшілік іс жүргізу сатысында, қалғаны кедендік құнмен анықталатын болады.
Жадыра Аманбайқызы