ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ташкентте Тәуелсіз мемлекеттер достастығының (ТМД) үкімет басшылары кеңесінің отырысына аясында 2 қараша күні Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті, деп мәлімдейді Үкімет үйінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және көлік-транзиттік, ауыл шаруашылығы, энергетика салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Өзбекстан мемлекеті басшысымен кездесуден кейін ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысып, ТМД-ға мүше елдердің арасында сауда-экономикалық қарым-қатынасын нығайтуға жағдайлар жасау бойынша өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар сауда кедергілерін одан әрі азайту мен сауда мен кооперация әлеуетін ашуға қатысты шаралар қаралды.
Жадыра Аманбайқызы