ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасындағы Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Итиро Кавабатамен кездесті, деп хабарлайды Үкімет үйінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қазақстан мен Жапония арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және әскери-техникалық ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын кеңейту мәселелері талқыланды.