ҚР Премьер-министрі Б.Сағынтаев «Шелл» концерні өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрлігінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында ынтымақтастық мәселелері мен «Шелл» компаниясымен Қазақстанның мұнай-газ саласында бірлескен жобаларды іске асыру туралы мәселелер талқыланды.
«Шелл» нидерланды-британ энергетикалық концерні 1997 жылғы 18 қарашада қол қойылған, Солтүстік Каспий бойынша өнімдерді бөлу туралы келісім (СК ӨБК) қатысушыларының бірі.
СК ӨБК бойынша келісімшарттық аумақта мына кен орындары орналасқан: Қашаған, Қаламқас–теңіз, Ақтоты, Қайран және Оңтүстік-Батыс Қашаған.