Бас имам: Мешіттің атынан үй алып береміз

0
252

Астана қаласы Хазіреті Сұлтан мешітінің бас имамы Наурызбай Өтпенов бес баласынан бір сәтте көз жазып қалған отбасыға Хазіреті Сұлтан мешітінің атынан үй алып беретінін, қазірдің өзінде біршама ақша жиналып қалғанын мәлімдеді. 

Қазіргі уақытта мешіттің атынан жиналған қаражат толығымен сәбилердің ата-анасына табысталған. Қаралы отбасыға көмек қолын созуға ниет еткендердің легі толастар емес.

Наурызбай Өтпенов Хазіреті Сұлтан мешітінің бас имамы: Біз ата-анасымен сөйлестік, ақылдаса келіп, Алла қаласа мешіттің атынан үй алып береміз деп шештік. Солай келістік. Олар өздерінің қалауын айтты, Алла қаласа, біз көмектесеміз.

Қазіргі уақытта қаралы отбасына арнайы көмек ретінде 13 миллион 400 мың теңгеге жуық қаражат жиналып үлгерген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз