Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасындағы бекет екі-үш күнде ашылмаса, ЕЭО елдері басшыларының кезектен тыс отырысын өткізуге ниетті деп хабарлайды Қырғыз бұқаралық ақпарат құралдары. Бұл туралы ол 15 қазанда сайлауда дауыс бергеннен кейін мәлімдеді.
Оның айтуынша, Қазақстан билігі шекарада болған жағдайды Қырғызстандағы сайлаумен түсіндіруде.
«Мүмкін солай да шығар. Бүгін сайлау өтеді, егер сайлау бірінші ретте аяқталса және жағдай сол қалпы қалса, мен ЕЭО-ға мүше мемлекеттің президенті ретінде кезектен тыс отырыс өткізе аламын. Егер бұлай жалғаса берсе, ЕЭО бар ма, жоқ па деген сұрақ туындайды», – деген Қырғыз басшысы қырғыз-өзбек шекарасындағы жағдай Өзбекстан президенті Шавкат Мирзеевпен келіссөздер арқылы шешілгенін айтты.
«Зайнилдин Құрманов Жогорку Кенеш спикері болған уақытта егер біз Қазақстанға Қарқыраны бермесек, біздің елдің аумағына танкілер кіреді деген еді. Қазақстан мұны ешқашан жасамайды», – дей келе 800-метрлік қашықтықтағы шекара сызығында шешілмеген мәселені еске түсірді.
«Егер бұл аумақ Қазақстан үшін өте маңызды болса, онда келісім жасауымыз керек. Бірақ бұл туралы шекараны жаппай тұрып бірнеше күн бұрын айту керек еді. Бірақ олар бұған да келіспейді. Бұл өте таң қаларлық сәт. Мүмкін, жаңа президенттер келісе алар», – деп болжам жасады А. Атамбаев.
Бұдан өзге Атамбаев ЕАО оған «Хайуанттар ауласы» (“Скотный двор”) шығармасын еске түсіретінін алға тартты. «Шығармадағы кейіпкердің бірі доңыз «Барлық жануарлар бірдей, бірақ кейбіреулері тең» дейді. Егер бізде одақ болса, онда барлық мемлекеттер тең жағдайда болу қажет. Әйтпесе, бұл қандай одақ деп ойлану керек.. Өткен жылы Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі үшін біз ақылға қонымсыз жеңілдіктер бердік. Енді олар Қырғызстанға 100 миллион доллар бердік дейді. Біріншіден, біз осы келісімге мен 2007 жылы, премьер-министр болған кезде, инвестиция үшін қол қойдық», – дейді Қырғызстан басшысы.
«Егер көмек берсең, бұл көмегіңмен мұқатпа. Бізге Қазақстан билігінен мұндай көмектің қажеті жоқ. Бізге бауырлас, қазақ халқы керек. Жақсы өмір сүретін, гүлденетін», – деп мәлімдеді А. Атамбаев.
Сабина Сайлаубай