Шетелдік БАҚ өкілдері Қазақстанның мәдениетімен танысуда

0
231

Елімізге Қазақстанның мәдениетімен танысу үшін шетелдік журналистер тобы келді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Бір апталық тур аясында шетелдік БАҚ өкілдері Астана, Алматы, Маңғыстау және Алматы облыстарында болады. Баспасөз турға мәдениет және өнер салаларында маманданған АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Испания, Қытай және Египеттің 15 журналист және блогерлер қатысуды.

Ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесу барысында Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов қазіргі заманғы қазақстандық мәдениетті шетелде белсенді және сапалы насихаттауды қамтитын «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі аспектілері туралы әңгімелеп берді. Министр Қазақстанның мәдени алуандығына және еліміздің қазіргі кездегі дамуына деген қызығушылық танытқаны үшін шетелдік журналистерге алғыс білдірді.

Шетелдік тілшілермен кездесу барысында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстанның мәдениет саласындағы, оның ішінде ұлттық кинематографияны дамытуындағы жетістіктері туралы әңгімеледі. Астанада журналистер «ЭКСПО-2017» қазақстандық павильонында, Қазақстанның ұлттық мұражайында, «Әзірет Сұлтан» мешітінде және «Қазмедиа» орталығында болып, бірқатар қазақстандық БАҚ-тарындағы әріптестерімен кездесу өткізді. Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің өкілдері қонақтарды «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасымен таныстырды. «Астана-Опера» театрында шетелдік тілшілер «Корсар» балетінің премьерасын тамашалады.

Маңғыстау облысында журналистердің Бекет-Ата мен Шақпақ-Ата жерасты мешіттері, Шерқала тауы, этноауылға сапары жоспарланған. Алматыға сапар бағдарламасы материалдық емес, сонымен қатар ЮНЕСКО-ның өкілетті тізіміне енгізілген мәдени мұраның элементтерімен таныстыру, Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы, Мультимедиялық дәстүрлі саз орталығы, «Qazaq-Oner» қолөнершілер орталығына бару және басқа да іс-шараларды қамтиды.

«Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасының аясында өтіп жатқан екінші баспасөз туры сондай-ақ туризмді дамытуға және Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан мемлекет ретінде жалпы оң имиджін қалыптастыруға бағытталған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз