ҚР президенті қаңтар айында АҚШ президенті Д.Трамппен келіссөздер жүргізеді, деп мәлімдейді Қазақпарат.
Астанада 13 қарашада өткен« Астана »клубының үшінші кездесуінде «АҚШ президентімен телефон арқылы сөйлескенімде ол мені Ақ үйге іс сапармен келуге шақырды. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етуіне байланысты мен сол жақта боламын. Сол кезде Вашингтонға жұмыс сапарымен баруға келістік», деп мәлімдеді Елбасы.
Сонымен қоса Мемлекет басшысы кездесу екі елдің экономикалық мүдделерін байланыстыратындығын айта отырып, «300-ден астам америкалық компаниялар Қазақстанда жұмыс істейді. Бұлар ірі мұнай-энергетикалық компаниялар. Сондай-ақ олар біздің елімізге 50 миллиард доллар инвестиция құйды. Біз технология мен бірлескен инвестициялар саласындағы ынтымақтастығымыздығ одан әрі жанданғанын қалаймыз», деді.
Жадыра Аманбайқызы